АҚШ-та тасқын күшейді. Әсіресе Вермонт штатында ахуал күрделі. Қаладан шығатын жолдарды су басқан. Тұрғындар қауіпсіз жерге жете алмай отыр. Соңғы күндері толассыз жаңбыр жауып, өзендер арнасынан асқан. Ғалымдар тасқынның жиі болуын климаттың өзгеруімен байланыстырып отыр,-деп хабарлайды Қазақстан Телеарнасы. Ал Калифорниядағы елдімекендердің бірінде тас көшіп, ғимараттар жермен-жексен болған. Үйлер шатқалда ілініп, құлайын деп тұр. Осыған орай төтенше жағдай жариялануы мүмкін.