АҚШ-тың оңтүстігі мен орталық батысындағы аудандарында болған торнадодан 26 адам қаза тапты. Бірнеше штатта үйлер қирап, мыңдаған адам жарықсыз қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.Washington Post басылымының мәліметінше, 60 торнадо туралы хабарлама тіркелген. ABC News жазуынша, табиғи апаттан тоғыз штат зардап шекті. Арканзас, Теннесси, Иллинойс, Индиана, Алабама мен Миссисипиде қаза тапқан адамдар туралы белгілі болды. Торнадо Арканзастегі Уинн қаласымен өткен. Жергілікті тұрғын Эшли Макмиллан жолдасымен, балаларымен және итімен бірге кішкентай жуынатын бөлмеде тығылып отырған. Торнадо жүріп өткенде олар бір-бірімен қоштасып, өлеміз деп ойлаған. Құлаған ағаш үйлерін зақымдаған, бірақ өздері зардап шеккен жоқ. Алдын ала мәлімет бойынша, Арканзаста кем дегенде бес адам, оның төртеуі – Уиннде және біреуі Литл-Рокта қаза тапқан. Тағы жеті адам Теннесиде, төртеуі Иллинойста және үшеуі Индианада қаза тапты. Алабама мен Миссисипидегі құрбандар туралы да хабарланды. Арканзас губернаторы Сара Сандерс штатта төтенше жағдай жариялады, қалпына келтіру жұмыстарына ұлттық гвардия тартылды.