АҚШ-тың батысы мен оңтүстігіне торнадо соққы берді. Соңғы мәліметке қарағанда, Индиана және Арканзас штаттарында ондаған үй қирап, 3 адам қаза тапты,-деп хабарлайды Қазақстан Телеарнасы. Құрама Штаттардың Ауа-райы жөніндегі ұлттық қызметінің хабарлауынша, бұл аймақтарда алапат дауыл бірнеше рет көтерілген. Оның екпінінен жарты миллиондай тұтынушыға электр қуаты тұрақты берілмей отыр.