АҚШ-тағы президент сайлауында Трамптың қарсыласы үміткерліктен бас тартты

Крис Кристи саясат пен қарсыласы Дональд Трамптың мінезін сынауға негізделген науқаннан қолдау таба алмады. Kazinform бұл туралы Голос Америки басылымына сілтеме жасап хабарлайды.Нью-Джерсидің бұрынғы губернаторы Крис Кристи сәрсенбі күні 2024 жылғы сайлауға Республикалық партия атынан таласуды тоқтатады. Кристи мұндай шешімді саясат пен талас көшбасшысы Дональд Трамптың мінезін сынауға бағытталған науқаннан қолдау таппағаннан кейін қабылдады. Кристи – Трамптың бұрынғы одақтасы. Қазір сынаушыға айналған ол бұрынғы президентпен өзін тең көретін жалғыз республикашыл ретінде таныстырды. Маусымда науқан басталғаннан кейін Кристи кабельдік жаңалықтар шоуына жиі қатысып, Трампты бұл қызметке лайық емес деп сынап, 2021 жылғы 6 қаңтарда Капитолийге жасалған шабуылдың моральдық жауапкершілігі соның мойнында екенін айтып жүрді. Ол кетсе – Трамптың ең шулы антагонисі жарыс жолынан шықты деген сөз. Десе де, Оңтүстік Каролинаның бұрынғы губернаторы және БҰҰ жанындағы АҚШ-тың бұрынғы тұрақты өкілі кейінгі айларда Трампқа жиірек сыни қарап жүр. Кристи экс-президенттің мойнына ілінген төрт қылмыстық істі ескере отырып, бірнеше рет Трамп жалпыхалықтық сайлауда демократ Джо Байденнен жеңіліп қалатынын болжаған. Кристи 2016 жылы президент сайлауына үміткер болып, Нью-Гэмпширдегі алғашқы сайлаудағы сәтсіздіктен кейін науқанын аяқтап, Трампты қолдаған алғашқы ірі партиялық тұлға болды. Ол Трамптың 2020 жылғы дебаттарға дайындалуына көмектесті, бірақ бұрынғы президенттің 2020 жылы жеңіске жеттім деген жалған мәлімдемесінен кейін оны қолдаудан бас тартты.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстанның Жапониядағы жаңа елшісі тағайындалды
Мәскеуде Ауғанстан жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті
Қаншама зират көрдім, ішінде адамы жоқ...
Алматыда 12 желтоқсанда Абай даңғылы мен Сәтбаев көшесінде қозғалыс шектеледі
Қуысқа қыстырылып қалған тиін...
Астаналық әйел Жұлдыз Әбдікәрімованы сотқа берді
Жыл қорытындысы: Өнеркәсіптік жаңғырту және отандық өндірушілерді қолдау – экономикалық тұрақты өсудің негізі 
Ұлытау облысында жаңа мектеп салуға 1,2 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді
Алматы әкімдігінде Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау алдын ала қорытындыланды
Ұлттық банк алаяқтар туралы айтты
"Дарын" жастар сыйлығы жеңімпаздарының тізімі жарияланды
13 өңірге дауылды ескерту жарияланды
Ақмолада туыстарының атына несие ресімдегендер анықталды
Алты өңірде жүргізушілерге ескерту жасалды
Асқазанда үрленетін баллон артық салмақтан арылуға көмектеседі
Оқушыларымыз IJSO халықаралық олимпиадада 100% нәтиже көрсетті
«AMANAT»: Сыр өңірінде 106 отбасы баспаналы болды
Түкіру, мұғалімді балағаттау. 1 қаңтардан бастап айыппұл қанша теңгеге өседі?
«Жұмыстың қиындығы білінбейді» – қар тазалаушы Қарлығаш апай
Доллар, еуро, рубльдің 12 желтоқсандағы бағамы қандай?
Танымал әншіге сүйіктісі Қытайда үйленуге ұсыныс жасады (ВИДЕО)
2025 жылы декреттік төлем қалай өзгереді?
Бүгінгі валюта бағамы белгілі болды
Құтқарушылар астаналықтарға ескерту жасады