АҚШ-тың Флорида штатынан саудиялық алғашқы әйел Халықаралық ғарыш станциясына аттанды,-деп хабарлайды Қазақстан Телеарнасы. Райана Барнави рак клеткаларын зерттеуші маман. Ол орбиталық бекетте кеуде қатерлі ісігіне байланысты зерттеу жүргізеді. Барнавимен бірге жерлесі Әли Әлқами және НАСА-ның екі астронавты ұшты.Станцияға бұл экипажды миллиардер Илон Маск компаниясына тиесілі «Фалкон-9» ракетасы мен «Драгон» капсуласы жеткізеді. Ол зымыран Канаверал мүйісінен жексенбі күні көкке самғаған.