Америкалық күштер бүгін, 13 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 3:45-те Йемендегі хуситтердің радиолокациялық станциясына шабуыл жасады. Kazinform бұл туралы АҚШ Орталық қолбасшылығына (CENTCOM) сілтеме жасап хабарлайды. Бұл соққыны USS Carney авиатасымалдаушы кемесі Tomahawk зымырандары арқылы жасады. Әскерилер операцияның Prosperity Guardian альянсымен жасалған келісімдерге қарамастан жүргізілгенін айтты.Хуситтердің «Al Masirah» телеарнасы АҚШ пен Ұлыбританияның әскери ұшақтарының Йемен астанасы Санаға жаңадан әуе шабуылы жасағанын хабарлады. Алайда Лондон ресми түрде Ұлыбритания қарулы күштерінің жаңа соққыға қатысқанын әлі растаған жоқ.CENTCOM мәліметінше, радарларға жасалған соққылар хуситтердің Қызыл теңіздегі кемелерге шабуыл жасау қабілетін бұзу үшін қажет. Бұқаралық ақпарат құралдары Ходейда портындағы Әл-Дайлами авиабазасының маңында жарылыстардың естілгенін, жағалаудағы радарлар мен бақылау нүктелеріне шабуылдар болғанын хабарлады. Естеріңізге сала кетейік, кеше, 12 қаңтарда АҚШ пен Ұлыбритания Йемендегі 60 нысанға, оның ішінде радарлар, әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері, қоймалар, дрондар мен зымыран ұшыру алаңдарына шабуыл жасады. Хуситтердің хабарлауынша, Америка Құрама Штаттары мен Ұлыбританияның шабуылы нәтижесінде 5 сарбазының қаза тапқаны туралы хабарлады.Ұлыбританиялық және америкалық шенеуніктердің айтуынша, бұл шабуыл 2023 жылдың желтоқсанынан бері Қызыл теңіздегі халықаралық кемелерге жиі жасалған шабуылдарға жауап ретінде ұйымдастырылды.АҚШ президенті Джо Байден Йемендегі соққының Қызыл теңіздегі «бұрын-соңды болмаған хусит шабуылдарына» жауап және қорғаныс сипатында екенін айтты. Ұлыбритания премьер-министрі Риши Сунак та хусилердің позицияларына жасалған соққылардың өзін-өзі қорғаудың шектеулі және пропорционалды әрекеті екенін атап өтті.Хусилер АҚШ пен Ұлыбританияның Йеменге жасаған шабуылын Батыстың Газадағы жағдайдан назарды кері аударту әрекеті деп мәлімдеді. Олар соққыға қарамастан Қызыл теңіздегі Израильге қарасты азаматтық кемелерге шабуылдарын жалғастыратындарын айтты.