АҚШ Йеменге тағы да соққы берді

Америкалық күштер бүгін, 13 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 3:45-те Йемендегі хуситтердің радиолокациялық станциясына шабуыл жасады. Kazinform бұл туралы АҚШ Орталық қолбасшылығына (CENTCOM) сілтеме жасап хабарлайды. Бұл соққыны USS Carney авиатасымалдаушы кемесі Tomahawk зымырандары арқылы жасады. Әскерилер операцияның Prosperity Guardian альянсымен жасалған келісімдерге қарамастан жүргізілгенін айтты.Хуситтердің «Al Masirah» телеарнасы АҚШ пен Ұлыбританияның әскери ұшақтарының Йемен астанасы Санаға жаңадан әуе шабуылы жасағанын хабарлады. Алайда Лондон ресми түрде Ұлыбритания қарулы күштерінің жаңа соққыға қатысқанын әлі растаған жоқ.CENTCOM мәліметінше, радарларға жасалған соққылар хуситтердің Қызыл теңіздегі кемелерге шабуыл жасау қабілетін бұзу үшін қажет. Бұқаралық ақпарат құралдары Ходейда портындағы Әл-Дайлами авиабазасының маңында жарылыстардың естілгенін, жағалаудағы радарлар мен бақылау нүктелеріне шабуылдар болғанын хабарлады. Естеріңізге сала кетейік, кеше, 12 қаңтарда АҚШ пен Ұлыбритания Йемендегі 60 нысанға, оның ішінде радарлар, әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері, қоймалар, дрондар мен зымыран ұшыру алаңдарына шабуыл жасады. Хуситтердің хабарлауынша, Америка Құрама Штаттары мен Ұлыбританияның шабуылы нәтижесінде 5 сарбазының қаза тапқаны туралы хабарлады.Ұлыбританиялық және америкалық шенеуніктердің айтуынша, бұл шабуыл 2023 жылдың желтоқсанынан бері Қызыл теңіздегі халықаралық кемелерге жиі жасалған шабуылдарға жауап ретінде ұйымдастырылды.АҚШ президенті Джо Байден Йемендегі соққының Қызыл теңіздегі «бұрын-соңды болмаған хусит шабуылдарына» жауап және қорғаныс сипатында екенін айтты. Ұлыбритания премьер-министрі Риши Сунак та хусилердің позицияларына жасалған соққылардың өзін-өзі қорғаудың шектеулі және пропорционалды әрекеті екенін атап өтті.Хусилер АҚШ пен Ұлыбританияның Йеменге жасаған шабуылын Батыстың Газадағы жағдайдан назарды кері аударту әрекеті деп мәлімдеді. Олар соққыға қарамастан Қызыл теңіздегі Израильге қарасты азаматтық кемелерге шабуылдарын жалғастыратындарын айтты.

Читать источник astanatv.kz/kz/
400 келі: Артем Антропов ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды
World Boxing Астанада әлем чемпионатын өткізетін болды
Артем Антропов ауыр атлетикадан әлем чемпионатында алтын медаль иеленді
Гүлмира Қобыландина, пластикалық хирург: Табиғилықтан ауытқығанда, сұлулық сөнеді
Ақмола облысында екі бірдей өрт сөндірілді
10 жыл бойы іздеуде жүрген күдікті ұсталды
Орталық төңірегіндегі тартыс
Мейірбек Сұлтанхан, ақын, «Алтын домбыра» иегері: Керегі мен кебегін халық өзі ажыратып алады
Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Словенияны жеңді
950 жылдық теңдессіз туынды
Қайтарымсыз грант нәтиже беруде
ШҚО-да электр қозғалтқыштары шығарыла ма
Ақтөбе облысында алимент төлемегендерге қылмыстық іс қозғалды
«Тамаша» туралы тамаша тарту
«Таза Қазақстан»: эко ғана емес, сана тазалығы
«Егеменнің елдік жолы»: басылымға – 105 жыл
«Бывшыйым» артымнан қалмайды»: Коуч қыздарға абьюзер жігіттерден қалай құтылуды үйретті
“Жалған құжаттар жіберіліп жатыр“. ҚҰБ ескерту жасады
Орталық Азия елдерінің ортақ диалогы
Астанада желілік мұз айдыны қашан ашылатыны белгілі болды
Өңірлер қуатты болса, мемлекет мықты
Ауыр атлетика: Артем Антропов – әлем чемпионы
Семейде Шәкәрім Құдайбердіұлының ескерткіші ашылды
Отшашуға толы Mercedes Benz жүк көлігі өртенді