Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 441 – 446 теңгеден саудаланып жатыр.Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 441– 445 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар бағамы 443,5 – 446,5 теңге аралығында құбылып тұр. 19 шілде кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,25 теңгеге төмендеп, 442,87 теңге болған. Ұлттық банктің 20 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 442,68 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,86 теңге болды. Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,83 – 5,05 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 4,78 - 4,88 теңгеден сатылуда.