Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 474 – 479 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды Kazinform.Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 474-479 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар бағамы 476,5-479,5 теңге аралығында құбылып тұр. Ұлттық банктің 13 қазандағы ресми бағамы – 1 долларға 475,78 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,91 теңге болды. Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,79-4, 99 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 4,8-4,95 теңгеден сатылуда. Айта кетейік, 12 қазан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,93 теңгеге қымбаттап, 475, 85 теңге болған.