"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ-тың Павлодар қаласы филиалының басшылығы мен қызметкерлерінің жемқорлық іс-әрекеті әшкере болды, деп хабарлайды Zakon.kz.ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, 2023 жылы 29 маусымда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Транспорттық прокуратурамен бірге "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ-тың Павлодар қаласы филиалының басшылығы мен қызметкерлерінің жемқорлық іс-әрекетінің жолын кесті. Іс фигуранттары аймақтағы кәсіпкерден аса ірі көлемде ақша бопсалады деген күдікпен қамауға алынды. "Бұл факті бойынша материалдар Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігі 1-тармағы бойынша Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді",-деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.Тергеу іс-шараларының жүргізілуіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді. Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда.