Бас прокуратура Грузияда ұсталған Тараз қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Қазақстанға жеткізілгенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.Қайсар Сарытай лауамызын асыра пайдаланды және бюджеттің 50 миллион теңгеден астам қаражатын ысырып қалды деп айыпталған. Алайда қудалау органынан бой тасалап, кейін оған қатысты халықаралық іздеу жарияланған еді.“Қабылданған шаралардың нәтижесінде іздеуде жүрген күдікті Грузияда анықталып, ұсталды. Грузиялық әріпстермен арадағы тығыз қарым-қатынастың нәтижесінде бүгін Бас прокуратура, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің көмегімен күдіктіні қылмыстық жауапқа тарту үшін Қазақстанға жеткізді”, – делінген ақпаратта. Қазіргі уақытта экс-шенеунік Астана қаласының тергеу изоляторына қамалған. Егер кінәсі дәлелденсе, ол 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.