"Ақшаны банкте сақтағанша, алтын сатып алған тиімді", - экономист

Банкке депозит ашып, оған ақша жинағаннан гөрі, алтынды сатып алған тиімді. Қаражатыңыз құнын жоғалтпасын десеңіз, осы әдісті қолданған жөн дейді экономистер. Халыққа тазартылған алтын құймаларды сату және сатып алу бағдарламасын Ұлттық Банк 2017 жылы іске қосты. Жұрт бұл жобаның игілігін көрді ме? Тақырыпты әріптесім зерделеді. Жылдар бойы жиып терген қаражатының құнын кім де болса жоғалтқысы келмейді. Сондықтан халық ақша сақтаудың сан алуан әдісін пайдаланады. БЛИЦ-САУАЛНАМА: - Ақшаны депозитте сақтаған дұрыс деп ойлаймын. Депозитте кішкене болса да проценті қосылып тұрады. Күнде жарата бермейсің - Мен ақшаны банкке сақтаймын. Өзіме солай ыңғайлы солай сақтаймын. - Алтын бар.Алтынды инвестиция көзі деп білетіндер де бар. Бірақ, соңғы уақытта қымбат тасты сатып алушылар азайыпты. Сатушы Бақыт Сыздықова осылай дейді. Бақыт СЫЗДЫҚОВА, САТУШЫ Қазіргі уақытта алтынға ондай сұраныс жоқ. 19, 20, 21 жылдары сұраныс жоғары болатын. Жылдан жылға сұраныс ондай емес. Экономист Айбар Олжай халық экономикалық сауатты болғаны абзал дейді. Жинақтаған қаржысының өсуін қалап, депозитке сақтағаннан гөрі, алтынмен табысының тұрақтылығын ұстаған жөн екенін айтады. Айбар Олжай, ЭКОНОМИСТ: Алтын жылына 10 пайызбен өсетін болса, депозит 15-16 пайыз кіріс алып келеді. Сондықтан біз ақшамызды сақтаймын деген ниетпен жинасақ, онда бізге алтын өте қолайлы болады. Егер табыс табамыз десек депозит дұрыс. Бірақ тәуекелі жоғары. Халыққа тазартылған алтын құймаларды сату және сатып алу бағдарламасын Ұлттық Банк 2017 жылы іске қосты. Содан бері жалпы салмағы 5 тонна 143 745 алтын құйма сатылған. Бұл орайда Алматы , Шымкент және Астана қаласында белсенділік жоғары. Сарапшылардың айтуынша, болашақта жұрттың алтынға деген сұранысы арта түседі. Бірақ, баға шарықтамайды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Қазақ футболы үшін өткен жыл несімен есте қалды?
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Отгонцэцэг Галбадрах Монғолия азаматтығын алуға өтініш берді
Елімізде жеке куәлік жасату құны өзгерді
Қазақстан СІМ-де Түркі инвестициялық қорымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Астанадан бір күнде 3 мыңға жуық рейспен қар шығарылды
Ертең Алматыдағы ботаникалық бақ жұмыс істемейді
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі: Энергия тиімділігі картасы аясында бір жылда 31 жоба енгізілді
Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалады
Қостанайда 20 жыл көріспеген әкесі мен қызы табысты
Қазақстан құрамасы шпагамен семсерлесуден әлем кубогы кезеңінде күміс медаль алды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізеді