"Ақшаны көбірек игереміз, өнімді азырақ аламыз", - депутат

Соңғы үш жылда қант өндірісіне субсидия артқанымен, өндірілген өнім көлемі көбеймеген. Керісінше, импортқа тәуелділігіміз артқан. Бұл туралы Мәжілістегі Үкімет сағатында Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы, депутат Серік Егізбаев айтты. Ол қант бойынша жағдай өте күрделі деді. Дайын өнімнен де, шикізаттан да шет елге тәуелділік бар. Ал фермерлер жұмыс істегісі келсе де, «Агробизнес» бағдарламасы бойынша несие алу мұңға айналған. Сондықтан саладағы мәселелерді шешу үшін депутат шаруаларға несие беру шарттарын, оның ішінде кепілмен қамтамасыз ету талаптарын түбегейлі қайта қарау қажет деп есептейді.Серік ЕГІЗБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: Министрлік басшылығы соңғы 2 жарым жылда субсидия беруге қатысты бұйрықтар 20-дан көп рет өзгертілген! No comment! Субсидия беру жөніндегі мемлекеттік саясат әрбір жарты жыл сайын өзгеретін болса, фермерлер өз жұмысын қалай жоспарлауы керек? Министрлікке субсидия берудің тұрақты және түсінікті ережелерін белгілеу және оны кемінде 5 жылға дейін өзгертпеу қажет. Депутаттар сондай-ақ, аграрлық банк құру мәселесі жыл сайын көтеріліп жүргенімен, неге қолдау таппай жатқанын сұрады. Ербол Қарашөкеевтің айтуынша, ауыл шаруашылығы министрлігі бұл бастаманы қолдап отыр. Тек ведомствоаралық комиссия қолдамай отырған көрінеді. Ербол ҚАРАШӨКЕЕВ, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІ: Негізі агроөнеркәсіптік банкті құру жай банк құру, банк үшін емес, құрған күннің өзінде несиелердің мерзімін ұзарту, сыйақы мөлшерлемесін төмендету мәселесін шешу керек. Жай банк құрып емес, проценттік төлемақысы төмендетіп, 12-15 жылға дейін беретіндей мүмкіндік жасау керек.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
«Дариға Назарбаеваны сағынып жүргендер бар». ҰҚК депутаттын сауалына берді
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Отгонцэцэг Галбадрах Монғолия азаматтығын алуға өтініш берді
Елімізде жеке куәлік жасату құны өзгерді
Қазақстан СІМ-де Түркі инвестициялық қорымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Астанадан бір күнде 3 мыңға жуық рейспен қар шығарылды
Ертең Алматыдағы ботаникалық бақ жұмыс істемейді
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі: Энергия тиімділігі картасы аясында бір жылда 31 жоба енгізілді
Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалады
Қостанайда 20 жыл көріспеген әкесі мен қызы табысты
Қазақстан құрамасы шпагамен семсерлесуден әлем кубогы кезеңінде күміс медаль алды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізеді