Ақсуда жол апаты салдарынан жаяу жүргінші көз жұмды, деп хабарлады turkystan.kz.Polisia.kz сайтының мәліметінше, 22 қазанда Ақсу қаласы, Ленин көшесінде ВАЗ-21074 автокөлігінің жүргізушісі, Еңбек ауылына қарай жүріп келе жатып, бұрылыста жолдың сол жағымен келе жатқан 58 жастағы ер адамды қағып кетті. «ЖКО салдарынан жаяу жүргінші алған жарақаттарынан ауруханада қаза болды. Жүргізуші апат орнынан қашып кетті. Жүргізілген іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер жүргізушіні ұстады. Ол 41 жастағы ауыл тұрғыны болып шықты. Автокөлік айып тұрағына қойылды. Сараптама тағайындалды. Полиция тексеру жүргізіп жатыр, – дейді Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.