Ақсуда танысын өлтірген әйел 12 жылға сотталды

Ақсуда танысын өлтірген әйел сотталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, қайғылы оқиға 28 мамыр күні Ақсу қаласында болған. «Ішімдік ішіп, мас болған екеудің арасында жанжал орын алады. Сотталушы жәбірленушінің кеуде тұсына пышақ жарақатын салған. Салдарынан ол сол жерде қайтыс болды», - делінген хабарламада. 11 қазанда Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында адам өлтіру, яғни басқа адамды қасақана қазаға ұшырату (ҚР ҚК 99-б. 1-б.) фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды. Прокурор соттан айыпталушыға 12 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны тағайындауды сұрады. Жәбірленуші мемлекеттік айыптаушымен толық келісіп, өз кінәсін ішінара мойындап, жәбірленушіні өлтіру ниеті болмағанын айтып, әрекетін ҚК-тің онша ауыр емес бабына қайта саралап, қатаң жаза қолданбауды сұрады. Сотталушының кінәсі өзінің, куәлардың айғақтарымен, сараптамалардың қорытындыларымен және сотта зерттелген басқа да дәлелдемелермен дәлелденді. «Тікелей өлтіру ниеті өмірлік маңызды мүшеге пышақпен қасақана күш қолдану арқылы дәлелденеді. Қылмыс аса ауыр қылмыстар санатына жатады. Ол үшін заң бойынша 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген. Сот кінәсін ішінара мойындауды, сондай-ақ өтелмеген соттылығының болуын және масаң күйде қылмыс жасағанын ескере отырып, оны 12 жылға бас бостандығынан айырды», - делінген баспасөз хабарламада. Сотталушы жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары қылмыстық-атқару мекемесінде өтейтін болады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Тоқаев Қазақстанның Жапониядағы елшілігінде ауыс-түйіс жүргізді
Facebook, Youtube және Instagram желілері істемей қалды
Тұман, боран: Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
Астаналық әйел Жұлдыз Әбдікәрімованы сотқа берді
Жыл қорытындысы: Өнеркәсіптік жаңғырту және отандық өндірушілерді қолдау – экономикалық тұрақты өсудің негізі 
Ұлытау облысында жаңа мектеп салуға 1,2 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді
Алматы әкімдігінде Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау алдын ала қорытындыланды
Ұлттық банк алаяқтар туралы айтты
"Дарын" жастар сыйлығы жеңімпаздарының тізімі жарияланды
13 өңірге дауылды ескерту жарияланды
Алты өңірде жүргізушілерге ескерту жасалды
Асқазанда үрленетін баллон артық салмақтан арылуға көмектеседі
«AMANAT»: Сыр өңірінде 106 отбасы баспаналы болды
Түкіру, мұғалімді балағаттау. 1 қаңтардан бастап айыппұл қанша теңгеге өседі?
«Жұмыстың қиындығы білінбейді» – қар тазалаушы Қарлығаш апай
Доллар, еуро, рубльдің 12 желтоқсандағы бағамы қандай?
Танымал әншіге сүйіктісі Қытайда үйленуге ұсыныс жасады (ВИДЕО)
Бүгінгі валюта бағамы белгілі болды
Құтқарушылар астаналықтарға ескерту жасады
Қоспаев ісі: 2,2 млрд теңгенің тәркіленген мүлкі шетелдіктерге сатылмақ болған
Жамбыл тұрғыны жолдасын кірпішпен ұрып, 11 жылға сотталды
Астана - Челси ойыны: Алматыда қай көшелер жабылады?
Қылмыстық топтан тәркіленген мүлікті шетелдіктерге сатпақ болғандар анықталды
Шетелдіктерге тәркіленген Қоспаев ҰҚТ мүлкін сатпақ болған - ҚМА