Ал Павлодар облысының Ақсу қаласында зауыттағы өрттен 25 жастағы кран машинисі қаза тапты. Оқиға түнгі уақытта болған. Балқыған металл құйылған шөміш жарылып кетіп, көтергіш кранның екі машинисі күйіп қалды. Екеуі де әйел адам. Күйік шалған екі жұмысшы да ауруханаға жеткізілді. 39 жастағы машинистің жарақаты жеңіл болып, үйіне қайтарылды. Алайда, екінші машинист денесінің 85 пайызы күйген. Дәрігерлер оның өмірімен арпалысқанымен, құтқару мүмкін болмады. Қазір жазатайым оқиғаға қатысты құзырлы органдар тексеру жүргізіп жатыр. Ербол САЙФУРОВ, ОБЛЫС БОЙЫНША ЕҢБЕК ИНСПЕКТОРЫ: Еңбек басқармасының бұйрығымен арнайы комиссия құрылды. Осы жазатайым оқиғаның мән салдарын анықтау үшін тергеу жүргізіледі. 10 жұмыс күні ішінде тергеу жұмыстары белгілі болады.