Ақтау әуежайын тергеп-тексеру қайта басталды

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті «Ақтау Халықаралық Әуежайы» АҚ қатысты монополияға қарсы заңнаманың бұзылуы белгілерін тергеп-тексеру қайта басталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz департамент хабарламасына сілтеме жасап. Департамент хабарламасына сүйенсек, тергеп-тексерудің негізгі себебі - авиаотынды сақтауға арналған резервуарларды жалға беру қызметі бойынша монополиялық жоғарғы бағаны белгілеу. Алдын ала белгілі болғандай авиаотынды сақтау ерекше тауар нарығына жатады. Әуежайларда қызмет көрсетуді жүзеге асыру қағидаларына сәйкес, авиакомпаниялар тасымалдау қызметін жүзеге асыру үшін авиациялық отынның сақталуын әуежайдың өзі қамтамасыз етуі керек. Оның орнына, әуежай заңнамада көзделген тікелей міндеттемелерінен өздерін шеттетіп, резервуарларды тиісті тауар нарығындағы ең жоғары бағамен авиакомпанияларға жалға берген. Әуежай монополияға қарсы ведомствоның дәлелдерімен келіспей, Монополияға қарсы органның тергеп-тексеру жүргізу туралы бұйрығын заңсыз деп тану және күшін жою туралы сотқа талап арыз түсірген болатын. Ұзаққа созылған (1 жыл 3ай) сот дауларының нәтижесінде, Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының қаулысымен талапкердің шағымы қанағаттандырусыз қалдырылды. «Қазіргі уақытта тергеп-тексеру жалғасуда. Қазақстан Республикасы монополияға қарсы заңнамасының бұзушылық фактілері анықталған жағдайда, заңнамамен көзделген шаралар қабылданатын болады»,- делінген департамент хабарламасында.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Жылан жылы: 2025 жыл қандай болады?
Президент Кемел Тоқаев атындағы мектепке барды
Биыл мемлекеттік органдар волонтерлік қоғамдастықпен бірлесіп 55 жобаны іске асырды
Отшашуға толы Mercedes Benz жүк көлігі өртенді
АУДАН АЖАРЫ АЙШЫҚТАЛЫП КЕЛЕДІ
2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты: Қазақстанның қарсыластары анықталды
"Реал" шабуылшысы Килиан Мбаппе жарақат алды
Мас күйде рульге отырған 47 жүргізуші жазадан құтылмады
Алматыда «Француз үйі» атауы заңсыз пайдаланылғаны анықталды
Франсуа Байру Францияның жаңа Премьер-министрі болып тағайындалды
Алматыда «Мемлекеттік қызмет» музейі жаңа форматта ашылды
Шерзат Полаттың әкесіне қатысты сот шешімі өзгеріссіз қалды
Алматыда автобустың жол жүру уақыты қысқарады
Астананың бір ауданы жарықсыз қалды
Қаңтардан қаңтарға дейін...
Астананың бір ауданы жарықсыз қалды
Астанада 300 мың адам қалалық диктантқа қатысты
Париж Олимпиадасына қатысқан қазақстандық семсерлесушіні соққыға жығып кетті
Астанада мас азамат өзгенің көлігін айдап кетіп, бағанға соғылды
Алматыда Бизнес хаб пен студенттік емхана ашылды
«Шұбар» қосалқы станциясындағы жағдай: жедел бригадалар жұмыс істеп жатыр
Алматыда «Мемлекеттік қызмет» музейі ашылды
Ертең елдің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады
Кабель желісін ұрлап кеткен: астаналықтар жарықсыз отыр