Ақтау портына «Taraz» және «Liwa» жаңа мұнай танкерлері қабылданды

Ақтаудағы халықаралық теңіз сауда портына жаңа мұнай танкерлері әкелінді. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы мен AD Ports Group арасындағы ынтымақтастық аясында «Taraz» және «Liwa» атты танкерлер сатып алынды. Жаңа кемелердің иесі - «Қазақтеңізкөлікфлоты» мен International Maritime Investments Ltd компаниялары.Су кемелері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақстандық көмірсутектердің экспорттық бағыттарын әртараптандыру жөніндегі тапсырмасы аясында алынды. Танкерлер бір мезетте 8 мың тоннаға дейін мұнай тасымалдайды. Ол мұнай флотын кеңейтуге жол ашып, әлемдік логистикалық нарыққа өз қызметтерін ілгерілету бойынша алға ауқымды мақсаттар қойды. Мағзұм МЫРЗАҒАЛИЕВ, «ҚАЗМҰНАЙГАЗ» ҰК АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ: Жүк тасымалының дамуы мен айтып өткенімдей жүріп жатыр. Мен бірлескен кәсіпорынды одан әрі дамытуға және жаңа кемелерді сатып алуға ниетті екенімізді атап өттім. Каспий флотын тікелей дамытуға келетін болсақ, қазіргі тенденция - жүк көлемі артып келеді. Арта да бермек. Мемлекет басшысының орта жолды дамыту жөніндегі тапсырмасы жүзеге асырылуда. Қазір біз осы жұмыспен айналысып жатырмыз. Танкерлер нидерландтық Damen концернінің кеме жасау зауытында жасалған. Олардың әрқайсысының ұзындығы – 140, ені – 16,7, шөгіндісі – 4,2 метр, ал жылдамдығы – 10 торап. Олар озық басқару жүйелерімен жабдықталған. Сондай-ақ барлық халықаралық қауіпсіздік стандарттары мен экологиялық талаптарға сай. Мұхаммед Джума әл-ШАМИСИ, AD PORTS GROUP БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ: Бүгін - біз үшін мақтаныш күні. Қазақстан туының жанында өз туымыз желбіреп тұр. Лива мен Тараз - өте көне қалалар, бұл 2 елдің байланысын көрсетеді. Әрине, біз қазақстандық компаниялармен бірігіп жұмыс істейтін боламыз. Ал теңіз академиямыз қазақстандықтардың біздің факультеттерде білім алуына мүмкіндік береді. Болашақта кейбір танкерлер Қазақстанда жасалуы мүмкін. Ескі дәстүр бойынша кемелердің «өкіл аналары» қабылдау рәсімін өткізді. Қазақстан Республикасының білім саласындағы Еңбек Ері Аягүл Миразова «Taraz» танкерін қабылдау құрметіне ие болса, «Liwa» кемесін Біріккен Араб Әмірліктерінен келген Мубарака Әл-Мазроуей ханым қабылдады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Тәжікстанға 1 млн тоннадан астам астық экспортталды
Қарағанды мен Павлодар облыстарының кейбір бөліктерінде жол қозғалысы шектелді
Абай облысындағы тасжолда қатты жел жүк көлігінің тіркемесін аударып жіберді
Жүрек ауруына әкеп соғады: жатын бөлмедегі жарық несімен қауіпті?
Алаш қозғалысының тарихына қатысты архив материалдарының жинағы жарық көрді
Жаяу бұрқасын, көктайғақ болады: 15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
ТЖМ құтқарушылары Жамбыл облысындағы өртті сөндірді
«Қыз үшін»: Париж Олимпиадасына қатысқан қазақ спортшысын сабап кеткен
Абай облысындағы тасжолда қатты жел жүк көлігінің тіркемесін аударып жіберді
Қарағанды облысындағы тасжолдың бір бөлігі ауа райына байланысты жабылды
«Басына тигені жақсы»: Гүлзира Айдарбекова үйінен айырылған Жұлдыз туралы сын айтқандарға жауап берді
Павлодар облысындағы алтын кеніште ер адам қаза тапты
Тәжікстанға 1 млн тоннадан астам астық экспортталды
Дәрі-дәрмек емдей ме?
Қарағанды мен Павлодар облыстарының кейбір бөліктерінде жол қозғалысы шектелді
Астанада кезекті жайлы мектеп ашылды
Парламент президентке импичмент жариялады
Футбол алаңынан саясат алаңына
Ақтөбе облысындағы жол апатынан 8 адам көз жұмды: жүргізуші кінәсін мойындады
«Өлсем, бәрі жеңілдейтін сияқты»: Енесі мен күйеуінен шаршаған танымал блогер мерт болды
Ауа райына байланысты Қарағанды, Павлодар облыстарында жол жабылды
Астана Орталық Азияда бірінші болып тұрақты дамудың халықаралық сертификатын алды
Павлодардағы «Майқайыңалтын» шахтасында жұмысшы қаза болды
Батыс Қазақстанда жаңа заманауи мектеп қолданысқа берілді