Ақтау қаласының тұрғындары Каспий теңізінде жер сілкінісін сезгенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.Төтенше жағдайлар министрлігі "СОМЭ" сейсмикалық станциялар желісінің хабарлауынша, бүгін Алматы уақыты бойынша сағат 10:15:40-та жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-батысқа қарай 2289 шақырым жерде, Әзірбайжан аумағында, Каспий теңізінде орналасқан. Магнитудасы MPV 5.7.