Ақтау тұрғыны балаларға тиісті деген күдікке ілінді

Әлеуметтік желіде адамдардың айтуынша, балаларға тиіскен ер адамды ұстау сәті түсірілген фото тарады.Жағдайды анықтау үшін оқиға орнына полиция келді. Маңғыстау облысының полиция департаментінде түсіндіргендей, оқиға 31 шілдеде болған. Сағат 00:25-те полиция бөліміне 26-шы шағынаудан тұрғындары кішкентай балалардың артынан жүгіріп жүрген ер адамды ұстады деген хабарлама түсті. «Оқиға орнына патрульдік полиция батальонының қызметкерлері барды. Тексеру барысында 43 жастағы ер адам балалардың артынан жүгіргені емес, түнде тыныштықты бұзып, адамдарды мазалағаны анықталды. Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК 437-бабының 2-бөлігі (Тыныштықты бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды», - деп түсіндірді ведомстводан. Полицияда тәртіп бұзушыға физикалық күш жұмсалмағанын түсіндірді. Баптың бұл бөлімі жеке тұлғаларға 10 АЕК (34 500 теңге) мөлшерінде айыппұл салуды көздейді. Бұған дейін желі қолданушылары бір-біріне бейнежазба таратқан. Онда бір әйел 26-шы шағынауданда жүрген ер адамның балаларға тиісіп, беттерінен сүйіп, қолдарынан ұстап алғанын айтқан. Полиция бұл оқиға 28а шағынауданда болғанын хабарлады. 47 жастағы ер адам ұсталды. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК 440-бабының 3-бөлігі және 449-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Президент Қаратал ауданындағы қорғаныс істері бөлімінің жұмысымен танысты
Сүйіктісіне ұрланған гүл сыйлаған жігіт жауапқа тартылды
Түркістан облысының тұрғыны анасы мен әпкесін велосипедпен қажылыққа апарды
АУДАН АЖАРЫ АЙШЫҚТАЛЫП КЕЛЕДІ
2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты: Қазақстанның қарсыластары анықталды
"Реал" шабуылшысы Килиан Мбаппе жарақат алды
Мас күйде рульге отырған 47 жүргізуші жазадан құтылмады
Алматыда «Француз үйі» атауы заңсыз пайдаланылғаны анықталды
Франсуа Байру Францияның жаңа Премьер-министрі болып тағайындалды
Алматыда «Мемлекеттік қызмет» музейі жаңа форматта ашылды
Шерзат Полаттың әкесіне қатысты сот шешімі өзгеріссіз қалды
Алматыда автобустың жол жүру уақыты қысқарады
Қаңтардан қаңтарға дейін...
Шымкентте күн күрт суытады, Алматы мен Астанада қар жауады
«Муфаса. Арыстан патша»
Терроризм туралы жалған хабарлама таратқандар қатаң жазаланады
Алматы - арман қала: шаһарға келген туристерді не қызықтырады
Әділбек Мусин әлем чемпионатында ел рекордын жаңартты
Министр жас ғалымдарға пәтер сертификаттарын табыстады
Комиссия Алматы облысындағы аудан әкімін қызметінен босатуды ұсынды
Елордада қысқы сырғанау маусымы ашылды
Әлемдегі ең ықпалды 100 әйел тізімі жарияланды
Жібек Құламбаева Үндістандағы турнирдің жартылай финалына шықты
Алматыдағы №174 гимназиясының қосымша ғимарат құрылысы қашан аяқталады