Каспий теңізіне экскаватордың кірген видеосы әлеуметтік желіге тарады. Жағдайға қатысты Маңғыстау облыстық полиция департаменті түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«Ақтау қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жүргізушінің жеке басын анықтады. 29 жастағы жүргізушіге ҚР ӘҚБтК 593 және 620-баптары бойынша екі әкімшілік хаттама жасалды» делінген баспасөз мәліметінде. Сондай-ақ мұндай құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша профилактикалық әңгіме жүргізілген.