Ақтауда әйел пәтерде қандаланы улағаннан кейін екі бала өлі табылды

Ақтауда қандаланы улау кезінде екі бала қайтыс болды, - деп хабарлайды Астана телеарнасы  Lada.kz сайтына сілтеме жасап. Қайғылы оқиға 7 ықшауаудандағы №14 үйде болған. Тұрғындардың сөзінше, пәтерлердің біріндегі әйел 20 қазанда қандалаларды уламақ болған. Алайда ол арнайы қызметке жүгінбеген. Дезинсекция үшін қажет заттарды ол Алматыдан алдырған. Көршілері әйел қандалаларды улайын деп жатқанын білмеген. Келесі күні жоғары қабатта орналасқан үйдегі екі бала қайтыс болған. Жедел жәрдем фельдшерлері келгенімен балаларды құтқару мүмкін болмаған. Балалар ауруханасына осы отбасының тағы екі баласы түскен. Қайғылы оқиғаның мән-жайы туралы жәбірленуші тараптан Нұрсәуле есімді тұрғын айтып берген. "Қандалаларды улағаннан кейін бізден бір қабат төмен тұратын әйел есігін жауып, кетіп қалған. Ескертуі керек еді", - дейді Нұрсәуле. Нұрсәуленің әпкесі кіші баласымен жансақтау бөлімінде жатыр. Үлкен қызының жағдайы тәуір болып келе жатыр, бірақ әлі де балалар ауруханасында жатыр. Ал қаза тапқан 10 айлық және 2,5 жастағы балалар мәйітханада. Нұрсәуленің сөзінше, қандала улаған әйел полиция тергеуінде отыр. Облыстық балалар ауруханасынджағылардың сөзінше, ауруханада жатқан баланың жағдайы ауыр. Екінші баланың жағдайы тұрақты ауыр. Бұл дерек Маңғыстау облысының Полиция департаментінде расталды. Қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 304-бабы, 3-бөлігі бойынша тіркелген.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қарағанды облысындағы тасжолдың бір бөлігі ауа райына байланысты жабылды
Тәжікстанға 1 млн тоннадан астам астық экспортталды
Абай облысында екі ауылдың 28 отбасы қоныс тойын тойлады
99 жастағы Малайзияның бұрынғы премьер-министрі жас көрінуінің құпиясын ашты
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Еліміздегі ардагерлік ұйымдар жастар тәрбиесіне басымдық беруде
Қарағандыда өрт шыққан ғимарат жарылып кете жаздады
Биыл қазақстандықтар МӘМС есебінен 1 млннан астам қымбат зерттеулерден өтті
Соғым FEST: Астанада өткен жәрмеңкеде фермерлер 100 тоннадан аса ет ұсынды
Батыс Қазақстан облысында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды
“Сахнаға шығартпады“. Сырым Исабаевтың Қайрат Нұртаспен сыйыспай қалғаны рас па?
Фастфуд емес: ағзаның қартаюын тездететін тағамдар аталды
«Кабирханның інісі»: Дубайда өткен жарыста қазақ сәйгүлігі бірінші келді (ВИДЕО)
Абай облысында екі ауылдың 28 отбасы қоныс тойын тойлады
“Аса қауіпті“. Қандай адамдарға моншаға баруға болмайды?
Ішімдікке сылқия тойып алған жас жігіт көлік ұрлап, жол апатын жасады
Теміртау маңында 700-ден астам көлік жолда қалып қойды
Ұйықтар алдында мандарин жеуге бола ма?
Қатты желден жүк көлігінің тіркемесі аударылып кетті
Астанадан 1 миллион текше метрден астам қар шығарылды
Жүрек ауруына әкеп соғады: жатын бөлмедегі жарық несімен қауіпті?
Алаш қозғалысының тарихына қатысты архив материалдарының жинағы жарық көрді
Жаяу бұрқасын, көктайғақ болады: 15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Астанада кезекті жайлы мектеп пайдалануға берілді