Биылғы жылдың қаңтарында алтыншы қабаттан жиһаздың құлауынан сал ауруына шалдыққан 39 жастағы ер адам қайтыс болды. Оның өлімі туралы ағасы хабарлады.Туысының айтуынша, ол ағасының қайтыс болғанын 26 тамызда дәрігерлерден білген. «Бізге Германия мен Ресейден мамандар шақыруға тура келді, өйткені Қазақстаннан бірде-бір дәрігер оны терісінің ойылуына байланысты қабылдаған жоқ. Біз қайда бармадық», - деді ол. Ағасы бұл оқиғаға кінәлі адамды «жасырып жүр» деп санайды. Оқиға биылғы жылдың қаңтар айында болды. Қаладағы 11-ші шағынауданда №41 үйдің қасынан өтіп бара жатқан адамға үйдің жоғарғы қабатынан жиһаз құлады. Құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғады. Ер адамға ота жасау үшін қаңтар айының соңында Астанадан дәрігерлер келді. Кейін олар ер адамның сал ауруына шалдыққанын хабарлады. Зардап шеккен адамға ота жасалды. Осы жылдың мамыр айында кінәлі әлі табылмағаны белгілі болды.