Ақтауда бір-біріне жақын орналасөан екі екі демалыс орнында жасөспірім қыз бен көпбалалы әке суға батып кетті.Қайғылы оқиға жексенбі, яғни 20 тамызда болған. «Монтажник» демалыс орнында сағат 11.47-де 14 жастағы қыздың суға батып кеткен анықталды. Екінші қайғылы оқиға жақын маңдағы «Бриз» демалыс орталығында болды. 36 жастағы ер адам сағат 18.00 шамасында суға батып кетті», - делінген жедел жәрдем хабарламасында. Әоеуметтік желіде марқұмның бес баланың әкесі екені хабарланды. Екі жағдайда да өлім дәрігерлер келгенге дейін болған.