Ақтауда жоғалған 16 жастағы қыз үш аптадан бері табылмай жатыр

Ақтауда үш апта бұрын із-түссіз жоғалып кеткен Анастасия Пенскаяның отбасы БАҚ арқылы қызына үйге қайтуды өтініп отыр. Бойжеткен 23 күннен бері хабарласпаған, деп хабарлайды Аlmaty.tv.Жергілікті басылымның хабарлауынша жоғалған бойжеткеннің анасы Анастасия Пенскаяның 22 күннен бері байланысқа шықпағанын айтты. Оның сөзінше, бұған дейін қызы ешқашан жоғалмаған және бір жерге барса ескертіп отырған. Қазір бойжеткенді достары, таныстары, туыстары және Маңғыстау облысының полицейлері іздеп жатыр. - Оған жеткізіңіздерші, өтінемін, біз оны үйде бәріміз күтіп отырмыз. Інісі, әпкесі, әкесінің орнын басқан өгей әкесі. Қатты уайымдаймыз. Қандай мәселе болса да, бәрін шешеміз және оны қиындықта қалдырмаймыз, осыны білсінші, - деді жоғалып кеткен қыздың анасы. Анастасия Пенская 1 ақпанда сағат 01:40 шамасында Маңғыстау облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығынан шығып кеткен, содан оралмаған. Алдын ала мәлімет бойынша, Анастасия Пенская жоғалған күні қара күртеше, қара леггинси және ақ-қара түсті кроссовка киген. Белгілері: шашы қысқа, қара, бойы 165-170 сантиметр, кеуде аймағында татуировкасы бар. Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған мәлімдеме негізінде жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатқанын хабарлады. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Путинцева жартылай финалға шықты
Шымкентте полиция қызметкерлері аса ірі көлемде “синтетика“ тәркіледі
Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы Президент жанындағы ең жоғарғы ғылыми ұйым мәртебесін алды
Абай облысында түн ішінде монша өртенді
Қостанайда жас әйел екі күн бойы боранда адасып жүрген
Фристайлдан әлем кубогы өтеді
Түркістан облысында 110 жастағы қарияға төлқұжат берілді
Жазушы мұрасы – мәңгілік
Ғылыми кеңестің отырысы өтті
БҚО құтқарушылары жоғалған ер адамды аман тапты
Путинцева жартылай финалға шықты
Фристайлдан ӘЧ: Ел қоржынына тарихи алтын түсті
Банк саясаты саласындағы келісімді ратификациялады
Маңғыстау техникалық колледжінде 243 млн теңге жымқырылды
БҚО-да көлік қозғалысына шектеу енгізілді
Оралда аумақтық қорғаныс бригадасының жаңа нысандары пайдалануға берілді
Қарағандыда көпқабатты үй өртеніп, алты адам құтқарылды
Бір жылда азық-түлік бағасы қаншалықты өсті?
Астанада түнгі ауысымда қар тазалауға 1300 арнайы техника жұмылдырылды
Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы Президент жанындағы ең жоғарғы ғылыми ұйым мәртебесін алды
Алматыда "Тұран таулары" халықаралық симпозиум-пленэр көрмесі ашылды
Жамбыл облысында радикалдық діни топтың 11 мүшесі ұсталды (ВИДЕО)
«Қайрат Нұртастың қызы тұрмысқа шығайын деп жатыр ма?»: актриса Жұлдыз Әбдікәрімова жауап берді
Шымкентте полиция қызметкерлері аса ірі көлемде “синтетика“ тәркіледі