Ақтауда жоғалып кеткен 24 жастағы Кәмшат Керім аман табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz Полиция мәліметінше, Кәмшат үйіне өзі оралған. "Ол қайда жүргенін айтпады. Өміріне қауіп төніп тұрған жоқ", - делінген хабарламада. Еске салайық, 23 сәуірде құқық қорғау органдары мен туыстары 24 жастағы Керім Кәмшатты іздестіріп жатқаны хабарланған болатын. Ол 18 сәуірде жоғалып кеткен.