Ақтауда көлік өртеніп, оқиға кезінде 42 жастағы жүргізушісінің қолы күйіп қалды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқыстан болған жағдай кезінде "Opel" көлігінен өрт шыққан. 4 наурыз күні сағат 16:35-те Ақтау қаласының 23-ші шағын ауданында 1994 жылы шыққан "Opel" маркалы автокөлігі жанды. Нәтижесінде 1982 жылы туған жүргізушісінің оң қолының 5-6 пайыз бөлігі күйген. Өрт 16:45-те сөндіріліп, оқиға орнына жеке құрамның 6 қызметкері мен 1 техника жұмылдырылды, - деді облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі.