Ақтауда Құлсарыдан көшірілген тұрғындарды қоныстандыруға 500 орындық жатақхана дайындалды

Атырауда су тасқынынан Маңғыстау облысына эвакуацияланған жандарға Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжі 500 орынды жатақхана дайындады. Маңғыстаулықтар Құлсары қаласында болған табиғи апатқа байланысты эвакуацияланған азаматтарға арнайы көмек көрсетіп, жатақханамен қамтамасыз етіп жатыр.Өңірлік қоғамдық коммуникация орталығының мәліметінше, Ақтаудағы колледж жатақанасы 500 орынға арналған, әр бөлмеде 2-3 адамға төсек орын жабдықталған. Бүгін түске дейін мұнда 15-ке жуық отбасы орналыстырылды.«Еліміздің өңірлеріндегі су тасқынына байланысты 500 орынға арналған жатақана толықтай дайын. Әр бөлмеде жуынатын бөлме, жатын орын түгелдей бар. Бүгін таңнан бері адамдар келіп жатыр. Сонымен қоса, 5 балалы 1 жанұя тіркелді. Барша мұқтаж жандарға есігіміз ашық. Көшірілген халық адам санына байланысты арнайы түскі және кешкі аспен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ апаттық жағдайдан эвакуацияланған жандардың көбісі ағайын-туыстарының көмегіне жүгінуде. Бірақ оған қарамастан көмекке мұқтаж жандарға есігіміз әрдайым ашық», - деді Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжінің басшысы Абдуллаев Кадырбек.Бүгін жатақханаға орналасқан Құлсары қаласының тұрғыны Женсекбаева Гүлжан су тасқынына қатысты жағдай туралы айтты.«5 сәуірде болған жағдайға байланысты су тасқынан эвакуацияланғандардың бірімін. Мүлдем күтпеген жағдай болды. Үйден тек балаларымды алып шықтым. Көлікке жолдасым екеуіміз 5 баламен отырдық. Бар ойымыз Ақтау қаласына аман-есен жету болды. Жолда Маңғыстау өңірінің азаматтары барынша көмек көрсетті. Баршаларыңызға алғысым шексіз», - деді Гүлжан Женсекбаева.Сондай-ақ Ақтаудағы Yessenov университетінің студенттік жатақханасына 130 адамды орналастыруға лайықталып отыр.Қазір аталған жатақханада 30 студент тұрады. Сондықтан жүзге жуық адамды қабылдауға дайын екені мәлім болды.«Төрт қабатты жатақхана ғимаратында бос орындар бар. Әр бөлмеде қажетті жабдықтар қолжетімді, таза төсек-орын дайындалды, жуынатын бөлмелер, ал бірінші қабатта үлкен ас үй бар», - деді Yessenov университетінің атқарушы вице-президенті Ермек Нұрмағамбет.Студенттер қатарындағы еріктілер заттарды тасымалдауға, эвакуацияланғандарды орналастыруға көмектеседі.«Көмекке белсенді жастар атсалысып жатыр. Ерікті жастар көмекке дайын екенін жеткізіп, ынталарын білдіруде. Осыған байланысты, арнайы штаб құрылып, 120- ға жуық белсенді азаматтар қазіргі таңда еріктілер қатарында көмек көрсетуде», - деп атап өтті облыстық жастар саясаты басқармасының басшысы Мұқаш Оралбай. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
2025 жылдан бастап кімдердің мобильді аударымдары қадағаланады?
ІІМ жол жүрісіне қатысушыларға үндеу жасады
Президент сұхбатында айтылғандарды Үкіметке берілген тапсырма деуге болады - сарапшы
Терроризмді насихаттаған әрі есірткіні заңсыз пайдаланған Алматы тұрғыны сотталды
Бірер күн бұрын ШЫҰ Бас хатшысы қызметіне кіріскен Нұрлан Ермекбаев Президенттің қабылдауында болды
Алматыда IT-экожүйені дамытуға 10 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылды
Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесі жаңғыртылуда
Оңтүстік Корея ресми түрде "ең қарт қоғам" санатына енді
Астана маңында орын алған ЖКО-дан 86 адам,оның ішінде 14 бала құтқарылды
Астанада және Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жарияланды
Елордада автокөлік ұрлаған адам ұсталды
Қазақстанда алдағы үш күнде қар жауып, күн суытады
2025 жылдың бірінші күні елімізде 9 егіз дүниеге келді
Қаңтардағы ҰБТ қай күндері өтеді?
"Лас, қауіпті және еш сиқыр жоқ": Асаубаеваның Нью-Йорктен көңілі қалды
Қар аралас жауын, көктайғақ: 4-6 қаңтар аралығындағы ауа райы болжамы жарияланды
1 қаңтардан бастап некеге тұрмас бұрын генетикалық тест тапсыру міндеттелді
Қазақстанда жер сілкінісі тіркелді
Ернар Айдар әкесі туралы жантебірентер жазба жариялады
Жетісу облысында ТЖМ қызметкерлері қар құрсауынан 11 адамды құтқарды
Жаңбыр және қар: Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?
«Қызғаншақ ене болуым мүмкін»: Ләйлә Сұлтанқызы ұлы туралы айтты
Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысын қабылдады
Қазақстан аумағында жер сілкінісі тіркелді