Ақтауда 25-қазан Республика күніне орай мотошеру ұйымдастырылды, деп хабарлайды Kazinform.Шараға 10-нан астам мотоцикл жүргізушісі қатысты. Мотоцикл жүргізушілері көк байрақты желбіретіп, 1 сағат көлемінде қаланы аралады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шара жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеуге бағытталған. - Мотошерудің мақсаты - ұлттық мерекемізді ұлықтау, мемлекеттік туымызды насихаттау. Мотоцикл жүргізушілері «Ақбота» саябағынан бастап, 18-шағын аудан және теңіз жағалауына дейін көк байрақты желбіретті. Қала тұрғындары мен қонақтарын 25 қазан - Республика күнімен құттықтаймын!, - деді «Маңғыстау жергілікті бастамалар орталығы» қоғамдық қорының директоры Жақсыгүл Маханбетова.