Ақтауда полиция бастығының орынбасары қарамағындағы адамға қол көтерген. Бұл туралы видео желіде жарияланып кеткен.Видео сипаттамасында "Маңғыстау облысы ПД Криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Шынболат Дәрібаев қызметкерлерге тәртіп пен заңдылықты үйреткеннің орнына оларды ұрып-соғуда" деп жазылған. Маңғыстау облысының полиция департаменті кадр саясаты басқармасының жеке құрамы бойынша инспекция қазіргі уақытта қызметтік тергеу жүргізіп жатқанын айтады, деп хабарлайды Lada.kz.