ТЖМ күштерімен 40 жастағы ер адам құтқарылды.«Ақтау қаласының құтқарушылары шомылу кезінде ағыспен батып бара жатқан 1984 жылы туған ер адамды жағаға шығарды. Ер адам жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды», - деп жазды ТЖМ. ТЖМ азаматтарды суда қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.