Ақтауда терезеден құлап кеткен үш жасар бала ауруханада көз жұмды

Ақтауда бесінші қабаттан құлап кеткен үш жасар бала ауруханада қайтыс болды. Естігенде, жан түршігеді. Бірақ, өкінішке қарай, мұндай жағдай елімізде жиілеп барады. Соңғы бес жылда 150-ден астам бала биіктен құлап көз жұмған. Бұл-ата -ана жауапсыздығы ма, әлде мәселе қауіпсіздіктің ескерілмеуінен бе? Қайғылы оқиғаны болдырмау үшін не істеу керек? Әріптесім Ақбота Базарбай толығырақ.Ақбота БАЗАРБАЙ, ТІЛШІ: Әдетте ,үйде таза ауа жұтып тыныстағымыз келсе, жүгіріп барып терезе ашатынымыз сөзсіз. Бірақ сақтықта қорлық жоқ. Үйде балаңыз болса, бұлай ашып терезені ұзаққа қалдыра алмайсыз. Тек мына жерде темір тор көзді сетка болған жағдайда ғана алаңсыз ашып қоюға болады. Әрі оның берік орнатылғанын міндетті түрде тексеріп алған жөн. Баланың өмірі үшін қауіпсіздік бірінші орында. Менің де балам бар ғой, терезені жауып қояйын. Жаз шықса жазатайым жағдай жиілейді. Биыл да қайталанып жатыр. Өкінішке қарай, биіктен құлаған балалардың дені тірі қалмайды. Арман ӘЛІБЕКОВ, №10 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНА ШҰҒЫЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ: Кішкентай баланың сүйектері әлі толық дамымаған және де үлкен биіктіктен құласа бала өкінішке орай 99 пайыз біз баланы аман өкінішке орай аман –есен сақтап қала алмаймыз. Себебі өмірмен сәйкес келмейтін жарақаттар алады. Күрделі травма. Ешқандай жағдайда жарақат алған баланы орнынан қимылдатуға болмайды. Себебі қимылдатқан кезде керсінше күрделі қайтадан қосымша травма алуы мүмкіндігі пайда болады. Бала құлағанда ата-ана қайда болды? Қылмыстық кодексте «Балалардың өмi¬рi мен денсаулығының қауiп¬сiздiгiн қамтамасыз ету жөнiн¬дегi мiндеттердi тиісінше орын¬-дамау» жауаптылығы қарас¬¬ты¬рылған. Бапқа сәйкес жаза са묬дарға байланысты тағайын¬да¬лады. Егер жеңіл болса, айыппұл төлейд. Немесе екі жылға бас бос-тандығынан айырылады. Нұралы Тәңірбергенов, ҚАЛАЛЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ: Жыл басынан бері Елордада кәмелетке толмаған балалардың терезеден құлауы бойынша 16 факт тіркеліп, оның ішінде екеуі көз жұмды. Жазатайым оқиғалардың негізгі себептері үйдегі жиһаздардың терезеге жақын орналасуы, балалардың өздігінен көтерілуіне ықпал етіп, маскит торларын пайдаланбау, терезелерді ашық қалдыру болып табылады. Оқиға орнына бірінші болып баратын төтенше жағдай қызметкерлері жалпақ елді ескертуден кенде емес. Кішкентай балаларды қараусыз қалдырмауды жақтары талмай жұртқа айтудан тынбайды. Терезелерге арнайы бекіткіштер орнатуды да өтінеді. Баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ата-ана сақтық шараларын есте сақтағаны дұрыс. - Балаларды жалғыз қалдырмаңыз; - Терезедегі маса мен шыбынға арналған торларға сенбеңіз; - Баланы терезе алдына алып келіп, даланы тамашалатуға тырыспаңыз. Дұрысы, сыртқа шығарып ойнату; - Балаларға қауіпсіздік шараларын үйретіңіз. Пластик терезе салатындар жаз шыға жалпы тап¬сы¬рыстың көбейетінін айтады. Қорғаныс бекіткіштер орнатуға да өтініш арта түседі дейді. Бірақ, "Жау кеткен соң қылышын тасқа шабатындар" да бар. Көбісі жазатайым оқиғадан опық жеп, сонан кейін ғана қимылдайтын көрінеді. Батырхан ДОСКЕЛДИНОВ, ТЕРЕЗЕ ОРНАТУШЫ МАМАН: Кейінгі кезде қауіпсіздік бекіт¬кіштеріне тапсырыстар кө¬¬бейді. Қазір бұлардың да түр-түрі бар. Бірақ көбі арзанына жүгіреді. Маса, шыбынға арналған жұмсақ торлар баланы ұстамайды. Оларға сеніп керек емес. Тек темір қорғаныштар 60 келіден 100 келіге дейін көтереді. Бір терезеге орнатуымен бірге ары кетсе 25 мың теңге. Бұл баға баланың өмірінен артық емес сияқты. Ақбота БАЗАРБАЙ, ТІЛШІ: Жаманат шақырғымыз кел¬мейді. Десек те, бұл мәселе же¬ке отбасы шеңберінен шығып, бүтін қоғамның проблемасына айналды. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Көркемдік жетекші және оның жаңа жобасы
Қазақстан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында екінші алтын алды
Семейде Шәкәрім Құдайбердіұлының ескерткіші ашылды
Отшашуға толы Mercedes Benz жүк көлігі өртенді
Көркемдік жетекші және оның жаңа жобасы
АУДАН АЖАРЫ АЙШЫҚТАЛЫП КЕЛЕДІ
Ұрысып жатқан екі ғашықты ажыратам деген қазақ спортшысы өзі таяқ жеп қалды
2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты: Қазақстанның қарсыластары анықталды
Ақшаны табатын да, ұстайтын да – Райм: Ерке Есмахан отбасына қатысты бір құпияны ашты
400 келі: Артем Антропов ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды
Футзалдан Қазақстан құрамасы Албания қиындықсыз жеңді
Мұртыңды ұрайын...
EURO-2026: Қазақстан құрамасы Албаниядан басым түсті
Түркістан облысы 2024 жылы туу көрсеткіші бойынша рекорд орнатты
Қарағанды ​​әкімі Instagram желісіндегі пікірі үшін сөгіс алды
Артем Андропов ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды
Қазақ баласын сатып, ақша алған әйел мектепте сабақ беріп жүр — Қымбат Досжан
"Реал" шабуылшысы Килиан Мбаппе жарақат алды
Көкшетауда өзгелердің жоғалтып алған картасымен сауда-саттық жасағандар ұсталды
2027 жылы Астанада бокстан әлем чемпионаты өтеді
Мас күйде рульге отырған 47 жүргізуші жазадан құтылмады
Ат абзелдерін жасайтын Ардақ Абдуллин
ТЖМ құтқарушылары балаларға көмекке келді
Әйел адам түрмедегі ұлына шұжық ішіне телефон жасырып өткізбек болған