Ақтауда тұрғын үйдің жертөлесінен қарақұрттың ұясы табылды

Ақтаудағы 13шағынаудандағы көпқабатты үйдің жертөлесінен қарақұрттың тұтас ұясы табылды. Енді үй тұрғындары күн жылынған соң пәтерлерін қарақұрт жайлайды деп қауіптеніп отыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz. Қалалық тұрғын үй инспекциясы осы үйге қызмет көрсететін ПИК-ке зиянкестермен күресуді тез арада бастауға тапсырма берді. Ертең біз апта соңына дейін тиісті жұмыстарды жүргізетін компаниямен келісім жасаймыз. Зиянкестер қалай пайда болғанын білмеймін. Мен ПИК-те 16 жыл жұмыс істеймін, мұндай жағдайды бірінші рет кездестіріп отырмын», - дейді ПИК төрағасы Ғазиз Ағатаев. Эко-Маңғыстау» ҮЕҰ басшысы Кирилл Осин қала орталығындағы көпқабатты тұрғын үйдің жертөлесінде улы жәндіктер қалай пайда болуы мүмкін екендігі туралы бірнеше болжам жасады. «Көбінесе адамдар даладан әртүрлі зиянкестерді өздері әкеледі. Мысалы, ауысымнан оралған қызметкер сөмкесінде үйге осындай «тосын сый» әкелуі мүмкін. Мен олардың бір жерден әкелінгенін жоққа шығармаймын, әрине, әдейі емес. Содан кейін олардың көбеюі үшін қолайлы жағдай болған. Бірақ бұл жерде сұрақ туындайды - олардың көбеюі үшін бірден бірнеше қарақұрт әкелінген болуы керек”, - дейді Кирилл Осин. “Ақтауға даладан, теңізден түрлі жәндіктерді тұрғындар өздері әкелетін жағдайлар көп. Тұрғындар анда-санда үйлерінің кіреберістерінен не су жыландарын, не тасбақаларды көріп жатады. Олардың өздері тұрғын үйлерге жетуі екіталай. Бірақ қарақұрттар, фалангтар немесе шаяндарға келетін болсақ, бұл кездейсоқ жағдай”, - деп есептейді эколог. «Енді бастысы, оларды улайтын компания бәрін дұрыс ұйымдастыруы керек. Олар толықтай жойылмаса, пәтерлерге жетуі де мүмкін», - деп толықтырды Кирилл Осин. Ал облыстық аурухана қазір қоймада қарақұртқа қарсы 5 ампула бар екенін айтты, тағы да өтінім берілген. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ақтөбе облысында алимент төлемегендерге қылмыстық іс қозғалды
Қайтарымсыз грант нәтиже беруде
Түркістанда 508 отбасы баспаналы болды
Тәуелсіздік – басты құндылық
Мұз қатып қалған көлік құлпын қалай ашуға болады
Маңғыстауда Тәуелсіздік күні қарсаңында 50-ден астам іс-шара ұйымдастырылады
Жүйрікте де жүйрік бар
Көктайғақ, тұман, бұрқасын: Алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды
Еңбеккерді қорғау – елдікті қолдау
Түркістанда 508 отбасы баспаналы болды
“Ұйқыны бұзатын тағамдар“. Қандай өнімнен бас тартқан дұрыс?
Ойланып алған несие орға жықпас
Қазақстан Тәжікстанға 1 млн тоннадан астам астық жеткізді
Гүлмира Қобыландина, пластикалық хирург: Табиғилықтан ауытқығанда, сұлулық сөнеді
Алматы құтқарушылары техникалық қызмет көрсету станциясындағы өртті сөндірді
Ақмола облысында екі бірдей өрт сөндірілді
10 жыл бойы іздеуде жүрген күдікті ұсталды
Орталық төңірегіндегі тартыс
Мейірбек Сұлтанхан, ақын, «Алтын домбыра» иегері: Керегі мен кебегін халық өзі ажыратып алады
Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Словенияны жеңді
950 жылдық теңдессіз туынды
Қайтарымсыз грант нәтиже беруде
ШҚО-да электр қозғалтқыштары шығарыла ма
Ақтөбе облысында алимент төлемегендерге қылмыстық іс қозғалды