Ақтауда 9 шағынаудандағы тұрғын үйдің кіреберісіндегі маңдайша құлап, үш адам зардап шекті. Бір адам қайтыс болды.Зардап шеккен екі адам Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілген. Жағдайлары тұрақты. «Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс жасап жатыр», - деді Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.