Ақтауда үстіне футбол қақпасы құлаған 16 жастағы жасөспірім көз жұмды

Ақтауда үстіне темір футбол қақпасы құлаған жасөспірім ауруханада көз жұмды. Ол ауруханаға мамыр айының соңында түскен болатын. Lada.kz басылымының хабарлауынша, зардап шеккен жасөспірімнің қайтыс болғаны туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болған.inAktau.kz басылымының жазуынша, Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі ақпаратты ресми түрде растаған.Басылым дерегінше, жасөспірім кеше, 15 маусымда қайтыс болған.Еске салайық, 16 жастағы жасөспірім ауруханаға 20 мамырда жеткізілген еді. Анықталғандай ойын барысында оның үстіне темір футбол қақпасы құлап кеткен. Зардап шеккен жеткіншекке бас-сүйек миы зақымы және ми шайқалу диагнозы қойылған. Тексерістен кейін дәрігерлер оған ем қажет екенін айтып, жасөспірім ауруханаға жатқызылған.Алайда 24 мамыр баланың анасы оның жағдайы жақсы екенін, ал дәрігерлерге ешқандай шағым жоқ екені туралы қолхат жазып беріп, ауруханадан алып кеткен. Жасөспірім жеті күн бойы үйде ата-анасының бақылауында болған."31 мамырда бала есін жоғалтып, денесі құрысып бастаған. Жедел жәрдем алғашқы медициналық көмек көрсеткеннен кейін ол Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілді. Мидың компьютерлік томографиясынан кейін дәрігерлер одан инсульт белгілерін байқады. Ол қазір жансақтау бөлімінде комада жатыр. Протокол бойынша ем қабылдауда. Баланың жағдайы өте ауыр", - деп хабардар еткен болатын ауруханадан. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Гүлмира Қобыландина, пластикалық хирург: Табиғилықтан ауытқығанда, сұлулық сөнеді
Дзюдодағы "юко" ұпайы қайтарылады
Қарағандыда мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионаты басталды
Дәрі-дәрмек емдей ме?
Парламент президентке импичмент жариялады
Футбол алаңынан саясат алаңына
«Өлсем, бәрі жеңілдейтін сияқты»: Енесі мен күйеуінен шаршаған танымал блогер мерт болды
Ауа райына байланысты Қарағанды, Павлодар облыстарында жол жабылды
Астана Орталық Азияда бірінші болып тұрақты дамудың халықаралық сертификатын алды
Павлодардағы «Майқайыңалтын» шахтасында жұмысшы қаза болды
Батыс Қазақстанда жаңа заманауи мектеп қолданысқа берілді
ТЖМ цифрлық форматта: ТЖ алдын алудың жаңа мүмкіндіктері
Түркістандық телеарна түркиямен бірлескен тележоба дайындамақ
Өскеменде бір ай бұрын жоғалып кеткен 18 жастағы қыз өлі табылды
Ұялы байланыс операторы тарифтерінің қымбаттауы: Шешім қандай
2027 жылы бокстан әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
Енесі мен күйеуінен қорлық көрген танымал блогер 8-қабаттан секіріп көз жұмды
Екі облыста жол жабылды
Төтеншеліктер балық аулау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін ескертті
Жексенбіде елдің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады
Бірқатар шенеунікке нашар жол үшін 16 миллион теңге айыппұл салынды
Республикалық жас пианистер байқауының жеңімпаздары анықталды
«Майқайыңалтын» кенішінде жұмысшы қаза тапты
Садриддин Ахмедов АҚШ-та жеңіске жеткеннен кейін марқұм Шерзат Болат туралы айтты