Ақтауда үйдің шатырынан ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Lada.kz порталына сілтеме жасап.Қайғылы оқиға 22 наурызға қараған түні болған. Мәйітті 12-шағын аудан тұрғындары тауып алған. Алдын ала болжам бойынша, адам көпқабатты үйдің терезесінен құлап кеткен. Оқиға орнында полиция мен дәрігерлер жұмыс істеп жатыр.