Алматының 23 жастағы тұрғыны Мәжтай Жаханшах киелі жерлерді зиярат етуге Ақтауға кеткен, бірақ туыстары онымен байланысты үзіп алған. Оған іздеу салынды.Ақтауда Алматы тұрғыны Мәжтай Жаһаншахты іздеп жатыр. Ол Маңғыстауға киелі жерлерге зиярат ету үшін барған. Алайда 27 мамырдан бастап Мәжтай туыстарымен байланысқа шықпаған. Жақындары оның қайда екені туралы ештеңе білмейді. Жігіт уақытша 17-шағын ауданда тұрған. Бұл туралы lider.kz сайтының еріктілері хабарлады. Оны көрген-білгендер +7 700 499 7292 немесе 102 телефондарына хабарласа алады.