Ақтаудағы үш баланың өлімі: марқұмдардың әкесі өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Маңғыстау облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында өзінің үш баласын өлтірді деп айыпталған ер адамға қатысты үкім оқылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Lada.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.Басылымның жазуынша, сот айыпталушы Е.-нің үйге балта мен ас үй пышағымен қаруланып келіп, асқан қатігездікпен қасақана өзінің кішкентай үш баласын өлтіргенін анықтаған."Сотталушы Е.-нің қылмыс жасаудағы кінәсі жәбірленушінің, сотталушының өзінің куәлігімен, сараптама қорытындыларымен, заттай дәлелдемелермен және істің басқа да материалдарымен дәлелденді", - делінген соттың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.Сот ер адамды Қылмыстық кодекстің 99-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сондай-ақ оған өмір бойына кәмелет жасына толмаған балаларға қатысты қызметтерде жұмыс істеуге тыйым салынды.Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.Еске сала кетсек, наурыз айында Ақтаудағы пәтерлердің бірінен денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар 2011, 2014 және 2016 жылы туған үш баланың мәйіті табылған болатын. Қылмысты жасады деген күдікпен полиция марқұмдардың 36 жастағы әкесін ұстаған еді. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстанның су тасқынына дайындығы қандай деңгейде?
"Бешікташ" Зайнутдиновсыз жеңіске жете алмады (ВИДЕО)
Шымкентте науқасқа ерекше ота жасалды
Қазақстанның су тасқынына дайындығы қандай деңгейде?
Павлодарда төрт жыл алимент төлемеген әке ұсталды
СҚО-да "Құстарға арналған эко-қоректендіргіштер" экологиялық байқауы өтті
Су тасқыны кезеңіне дайындық: қорғау мен алдын алудың кешенді шаралары
«2025 жыл Қазақстан үшін оңай болмайды»: Сарапшылар дабыл қақты
Қонаевта қысқы дрифт шоуы өтті
Алматыда бейнебақылау камералары қандай қылмыстарды ашпақ?
Шығыс Қазақстандағы екі жолда көлік қозғалысына тыйым салынады
Шымкентте науқасқа ерекше ота жасалды
Астанадан Қарағандыға барған жолаушылар такси жүргізушісін ұрып кеткен
Елордалық жастар жалға берілген баспанадан тұрақты баспанасына қалай көше алады
Ұлттық ұлан офицері қыздың өмірін сақтап қалды
Қазақстанда энергия жинайтын құрылғы шығарылады
Жексенбі күні елдің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады
Еліміздегі әуежайларда шекара бақылауынан өту жеңілдеуі мүмкін
Алматыда ТЖМ қызметкерлері өрт кезінде 14 адамды эвакуациялады
Астанада ер адамның мүрдесі табылды
Астанада қаланың қақ ортасынан мәйіт табылды
Жетісу облысындағы Лепсі арқылы Балқашқа апаратын жаңа жолда көлік қозғалысы туристік маусымға дейін ашылады
Павлодарда балаларына қарыз әке ұсталды
Қосымша жұмыс істегені үшін қызметтен кетті