Ақтаулық оқушы энергетикалық сусындардың құрамын зерттеді

Ақтау қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы Еркебұлан Балғабеков энергетикалық сусындардың химиялық құрамына тәжірибе жасады, деп хабарлайды Kazinform.Оқушы энергетикалық сусындар орталық жүйке жүйесінің қозуына әсер ететінін ғылыми жобасында зерттеп, қорғаған. Еркебұлан Балғабек жастар арасында өте танымал Redbull, Gorilla, Adrenaline секілді энергетика сусындарына сынақ жүргізді. Ол сусынға сапалық анализ жасау арқылы pH табу кезінде аталған сусындардың қышқылы жоғары екенін анықтады. Ал қышқыл сусын тұтыну салдарынан сүйек, сіңір зардап шегеді, сонымен қатар ағзаның қартаю процесі жеделдейді. — Түрлі дереккөздерді талдау барысында энергетикалық сусын құрамындағы компоненттердің жас ағзаға пайдасынан гөр зияны әлдеқайда көп екенін анықтадық. Бүкіл жиналған ақпаратты саралап, кәмелет жасына толмаған жасөспірімдерді қуаттығыш сусындарды мүлдем тұтынбауға, ал, 18 жасқа толған адамдарды энергетикалық сусынды тәулігіне 0,3 литрден асырмай ішуге шақырамын, — дейді Еркебұлан Балғабек. Химия пәнінің мұғалімі Венера Суровцеваның айтуынша, қазір энергетикалық сусын шығаратын компаниялар оның толықтай қауіпсіз екенін айтады. Алайда, әр компоненттің ағзаға белгілі бір зияны болатынын ескерген жөн. — Оны қарапайым жолмен — энергетикалық сусынды ішкенге дейін және кейінгі өзіңіздің қан қысымыңызды өлшеу арқылы байқай аласыз. Көп мемлекеттерде энергетикалық сусынды арнайы дәрігердің нұсқауымен дәріханадан ғана алуға болады, ал бізде кез келген дүкеннің сөрелерінде тұрады. Бұл сусынды ешқандай бақылаусыз ішу, әсіресе жастардың шектен тыс пайдалануы жүрек ауруының жасаруына әкеп соғады, — дейді Венера Суровцева.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстанда тамақ жеткізіп беретін курьерлерге талап қатайтылмақ
Түркістан облысында полигондардың 65%-ы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Қытайда метапневмовирус өршуі коронавирустан да қауіпті екені рас па?
«Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» ұлттық байқауының қорытындысы шықты
Түркістан облысында полигондардың 65%-ы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді
Қазақстанда тамақ жеткізіп беретін курьерлерге талап қатайтылмақ
АҚШ-тың экс-президентін ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 6 күнге созылады
Павлодар облысында мас жүргізушілер заң алдында жауап берді
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды