Танымал фотограф Ернар Алмабек солтүстікке сапарында отбасымен осы өңірге көшіп барған Бурахан Дақанұлын суретке түсірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.Бурахан Дақанұлының айтуынша, Петропавлдың атын ауыстыру мәселесінде қазақтардың солтүстік өңірге көшуі маңызды."Оңтүстік көшіп келдім. Солтүстікте адам аз, қазақ одан да аз. Отанымыздың солтүстіктегі, теріскейдегі шекарасы бос қалмасын деп, осы жақтағы босап қалған ауылдар құрып кетпесін деп бала-шағаммен осы жақтағы қазақтың санын арттырайын деп келген едім. Қазір, міне, Құдайға шүкір 4 баламмен, әйеліммен, өзіммен 6 қазақ қосып отырмын", - дейді видеода ол.