Ақтөбедегі әуежайдың жұмысына еріген су әсер етті. Су тасқынына байланысты әуе айлағы ұшулар үшін жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.Әуежайдың баспасөз қызметі ағымдағы ұшу кестесін әуежай немесе авиакомпанияның ақпарат қызметінен тексеру қажет екенін атап өтті. "Ұшу-қону жолағын тазалау жұмыстарына байланысты әуежай сағат 06:30-дан 17:00-ге дейін ұшақтарды қабылдау және шығару үшін жабылды", - деді Ақтөбе әуежайының баспасөз қызметі.