Ақтөбе Жәмилә Құрманситова ыстық металл балқыту цехында 37 жылдан бері жұмыс істеп келеді

Ақтөбелік Жәмилә Құрманситова 37 жылдан бері Ақтөбе Ферроқорытпа зауытының балқыту цехында жұмыс істейді. Елуден асқан әйел ауыр кран жүргізеді. Күн сайын 1800 градус ыстық пештің қасында балқыған металды құтыларға құйып, өте жауапты қызметтің бірін атқарады. Жәмилә Құрманситова бала күнінде ұстаз болғысы келген. Бірақ зауытта жұмыс істейтін туысының жұмысына бір рет келіп, тағдыры түбегейлі өзгеріпті. Алғашында арнайы оқу оқып, зауытқа тәжірибеден өтуге келген. Сол кезде 18 жастағы қыз осы зауыттағы жұмысты ұнатып, кранға отырған. Содан бері 37 жыл бойы жұмысты абыройлы атқарып келеді. Жәмилә ҚҰРМАНСИТОВА, АҚТӨБЕ ФЕРРОҚОРЫТПА ЗАУЫТЫ №1 БАЛҚЫТУ ЦЕХЫНЫҢ КРАН МАШИНИСІ: Менің өзіме ұнайды осы жұмыс. Уже үреніп кеттім. Мен басқа жұмыс жасай алмаймын. 37 жылдан бері істеп келе жатырмын. Қиын болсада біздер үйреніп кеткеннен кейін оңай сияқты көрінеді. Негізі оңай емес ауыр жұмыс. Жан-жағын бәрі ыстық металл от сияқты болып кеттік. Жәмиләнің негізгі міндеті -20 метрлік биіктіктен пеште балқытылған ыстық металды құтыларға бөліп құю. Жұмыс өте ауыр және жауапкершілікпен қырағылықты талап еді. Бұл цехта 48 кран машинисі болса, соның 80 пайызы-әйел. Асан АТЫМТАЕВ, АҚТӨБЕ ФЕРРОҚОРЫТПА ЗАУЫТЫ №1 БАЛҚЫТУ ЦЕХЫНЫҢ ТЕХНОЛОГ-ШЕБЕРІ: Жәмилә Құрманситова енді біздің цехта 86 жылдан бері жұмыс істеп келе жатыр. Стажы 37 жыл болып қалады. Ең қиындығы осы металл құю. Өйткені металл температурасы 1800 градусқа дейін барады. Мысал қыста қазір шымадымды. Ал жаз кезінде өте қиын. Жәмилә өзінің өмірлік жарын осы зауытта кездестіріп, тұрмысқа шықты. Жолдасы екеуі екі қыз тәрбиелеп өсірген. Қазір олар да өндіріс орындарында химик болып жұмыс істейді. Биыл Жәмилә ұжымда ең жоғары марапатқа ие болды. Жыл адамы атанды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
«Дариға Назарбаеваны сағынып жүргендер бар». ҰҚК депутаттын сауалына берді
Жабық жолға шыққан жүргізушілерге қандай жағдайда айыппұл салынады?
“Бұл өнердің шегі жоқ“. Каллиграфия арқылы әлемдік брендтерге ұсыныс алған қазақ қызы
1 қаңтардан бастап Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы қанша теңгеге өсті?
Жаңақорған ауданында 124 отбасы баспаналы болды
Қысқы Универсиадада Қазақстан намысын қорғайтын спортшылар белгілі болды
Тұман, көктайғақ күтіледі: Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Универсиада-2025: Қазақстандық хоккейшілердің ойын кестесі белгілі болды
Әлемнің ең қарт адамы қайтыс болды
Жабық жолға шыққан жүргізушілерге қандай жағдайда айыппұл салынады?
Нұрқожа Қайпанов: «Шавкат Белал Мұхаммедті сенімді түрде жеңеді»
Лоторея, тіс протезі: Өткен жылы Алматыда жоғалған ерекше заттар
Күнбағыс майының алғашқы партиясы өңірлерге жөнелтіледі
“ЭКҰ арқылы босанды“. Өмірқұл Айниязов ел білмейтін құпиясын ашты
Ақтөбеде электр желілеріне мұз қатып, жарық сөнді
Елімізде 12 судья қызметінен босатылуы мүмкін
Өскеменде үй саламыз деп 102 азаматты алдаған күдіктілер ұсталды
Тұман, көктайғақ: 6 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Бүгін Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалады
Алматыда орташа жөндеу жұмыстары 300 км жолды қамтиды
Қытайда метапневмовирус өршуі коронавирустан да қауіпті екені рас па?
«Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» ұлттық байқауының қорытындысы шықты
Түркістан облысында полигондардың 65%-ы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді