Ақтөбе қаласы су астында қалды: әкім не дейді?

Ақтөбе қаласында күн күрт жылып, тәулік ішінде 11 мың текше метр су сорылды. Қала әкімі Мұрат Жөребеков шаһарды су басу себебін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Ақтөбе қаласында қар шығару, су сору жұмысы тәулік бойы жалғасып жатыр. Қыс басталғалы полигонға 205 мың текше метр қар шығарылған. «Алдымен неліктен біз жыл сайын осындай жағдайға тап боламыз деген сұраққа жауап берейік. Біріншіден, қаланы қардан тазарту.Қар толық көлемде дұрыс шығарылмайды және оның салдарынан күн жылыған бойда жаппай еріп, көшелерді су басып жатады. Бұл жерде тұрғын массивтерді қоса алғанда қала аумағын қардан тазалауға бөлінетін қаржы көлемінің қаншалықты сәйкес екенін зерделеп қарау керек. Яғни, осыдан қар тазалау техникасы бізге жеткілікті ме және саны көп мердігерлердің жұмысын бақылауды қалай жақсартуға болады деген сұрақтар туындайды. Екіншіден, суағарлар, арналар, арықтар, яғни жол инфрақұрылымы. Біздің қаламызда ол дамымаған, ескірген және көп жерлерде суағарлар мүлдем жоқ. Не істеуіміз керек? Уақыт өткізбей жаңа суағарлар салуымыз және қолда барларын жөндеуіміз керек. Үшіншіден, су тасқынына қарсы жұмыстарға арналған құрылғылар мен заманауи техниканың жоқтығы қолбайлау. Жаңа заманауи насостар, жабық суағарларда қатқан мұзды тазалайтын және ерітетін, т.б. құралдарды сатып алуымыз қажет»,- деді қала әкімі Мұрат Жөребеков.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Халықаралық жасөспірімдер арасындағы жаратылыстану-ғылыми олимпиадасында қазақстандық оқушылар 100% нәтиже көрсетті
Президент Ынтымақ ауылындағы №30 орта мектепті аралап көрді
Әлемдегі уақыт саясаты: Уақыт белдеуі ұғымы қайдан шықты?
Алматы қаласы Мәслихатына жаңа депутат сайланды
Қазақстанға Starlink жабдығын әкелуге тыйым салынады
Енді Қазақстанда жазғы үйлердің аумағы 50 шаршы метрден аспауы тиіс
TikTok 2024 жылы: Қазақстандағы ең жарқын сәттер мен трендтер
Алматыда жастарға сейсмикалық қауіпсіздік туралы ақпараттандыру жұмыстары жүргізілуде
Қазақстанда ЖРВИ және тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты
Шавкат Рахмонов UFC рейтингінде екінші орынға көтерілді
Тағы бір өңір ваучерлік қаржыландыру жүйесіне қосылды
Алматыда «Француз үйі» ТҮК сүріліп жатыр
Халықаралық жасөспірімдер арасындағы жаратылыстану-ғылыми олимпиадасында қазақстандық оқушылар 100% нәтиже көрсетті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу облысына барды
Алматыда жаңа автобус бағыты ашылады
Олжас Бектенов Мәскеуде ТМД үкіметтері басшылары кеңесі отырысына қатысты
Доллар тағы қымбаттады
Қазақстан хоккейшілері әлем чемпионаты алдында екі жолдастық кездесу өткізеді
Көкшетауда трамадолға тәуелді нашақорға үкім шықты
«Аурухана арасында бес сағат жүрдім»: Атырауда 10 айлық бала қайтыс болды
Республикалық автожолдардағы ауа райы туралы мәлімет жарияланды
Екі облыста көлік қозғалысы шектелді
Түркістан облысында көпке үлгі болған Нышанғали Рахман
Жемқорлықтың алдын алуға бағытталған роликтер LED-экрандарда көрсетіле бастады