Ақтөбеде 8 жастағы бала көлік дөңгелегінің астында қалып көз жұмды.«Диапазон» басылымының жазуынша, қайғылы оқиға 22 мамырда қала маңындағы Жаңа Қоныс ауылында болған. «Хонда» көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінде сегіз жасар баланы қағып кетті. Бала ауруханада көз жұмды», - делінген хабарламада. Полицейлер жүргізушілерді жолда абай болып, ережені сақтауға шақырады.