Ақтөбе облысы Шалқар ауданында жол талғамайтын көлікпен жол апатына түскен тағы бір оқушы қыз ауруханада көз жұмды. Еске салайық, тоғызыншы сынып оқушысы Toyota Land Cruiser көлігінің тізгініне отырып, рөлді басқара алмай қалған. Көлікте жүргізушіден басқа тағы екі ұл мен екі қыз болған. Олардың барлығы - тоғызыншы сынып оқушысы. Бір қыз бала оқиға орнында қаза тапты. Екіншісі ауруханада көз жұмған. Үш бала түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген.Бақытжан ТҮЛКІБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Барлық диагностикалық зерделеумен хаттамамен емдік шаралар жүргізілуде. Бүгін таңертең мамандармен қаралып, консилиум жүргізілді. Балалардың аяқтары зақымдануына байланысты фиксирующий аппарат қойылды. Жағдайлары бір қалыпты төсекте жатыр. Тағы бір ер бала дәрігерлер қарауынан кейін үйіне жіберілген. Жасөспірімдердің мезгілсіз уақытта қайда жолға шыққаны әзірге белгісіз. Рөлді болған жеткіншек әкесінің көлігін рұқсатынсыз айдап кеткені анықталды. Ардана САЙМАҒАМБЕТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД ЖПҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ: Жылдамдық мәселесі бойынша экспертиза тағайындалып тұр. Жолдан ұшып көлік жолдың бойында жатты. Қылмыстық іс жалпы дерек бойынша жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша ҚР ҚК 345 бабы 4 тармағы бойынша қозғалып тұр. Әрі қарай тергеу жұмыстары жүріп жатыр.