Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының 17 жастағы тұрғыны жаяу жүргінші жолағымен өтіп бара жатқан үш адамды қағып кетті. Жол көлік оқиғасынан зардап шеккен 3 жасар бала жедел жәрдем көлігінде жан тапсырды. Қалған екі зардап шегушінің бірі ересек, екіншісі бала. Олар Ақтөбе қаласының ауруханасына жатқызылды. Артур АБДРЕШОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД ЖПҚБ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Осы факті бойын ҚР Кодексінің 345 бабы үшінші бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу