Ақтөбе облысында 174 тұрғынды кене шаққан

Ақтөбе облысында жыл басынан бері 174 адамды кене шағып, дәрігерлердің көмегіне жүгінген.Ақтөбе облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы Мұрат Муафиховтың айтуынша, облыстағы Алға, Қобда, Ырғыз, Ойыл, Әйтеке би аудандарында туляремияның, ал Байғанин, Ырғыз, Ойыл, Темір, Шалқар аудандары аумағында обаның табиғи ошақтары бар. Биыл аталған департамент, Ақтөбе облысы обаға қарсы күрес станциясы, сондай-ақ Ұлттық сараптама орталығының Ақтөбе облыстық филиалы табиғи ошақтарға зоопаразитологиялық мониторинг жүргізген. Тексеру іс-шаралары кезінде 24 мың кене мен 4 мың кеміргіштен, сондай-ақ 120 орыннан су сынамалары алынып, зертханаларға жіберілген. Нәтижесінде Шалқар ауданында кеміргіштерден обаның үш серологиялық оң нәтижесі, Қарғалы ауданында туляремияның бір қоздырғышы анықталған. Туляремия — бұл микробтар туғызатын, безгекпен, лимфодениттің дамуымен, әртүрлі ағзаларды зақымдаумен өтетін ауру. Бұл аурулар аса қауіпті зооантропоноздық инфекциялар қатарына жатады. Олар адамдарға бүрге, кене арқылы жұғады. Сондықтан аурулардың алдын алу үшін көктем, жаз мезгілінде сақтанып жүрген абзал. Біз жыл сайын мұндай аурулардың алдын алу мақсатында мониторинг жүргіземіз. Мысалы, өткен жылы облыстың Шалқар, Байғанин, Ырғыз аудандарынан жиналған кеміргіштер мен бүргелерді зертханаға жіберіп, оның ішінде обаның 20 қоздырғышы, ал Қобда, Ойыл аудандарынан жиналған кенелерден туляремияның 11 қоздырғышы анықталды. Аурулар табылған ошақтарға дезинсекция, дератизация жүргізіліп, осы аудандарда тұратын 7800-ден астам тұрғын обаға және 1315 адам туляремияға қарсы екпе алды, — дейді Мұрат Муафихов.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Үш ай бұрын жоғалып кеткен Алматы облысының тұрғыны табылды
Бурабайда екі қабатты монша өртенді
Қостанай облысында қар құрсауында қалған балықшылар құтқарылды
Ескі жылдары шығарылған долларды айырбастау орындары қабылдамай жатыр — Ұлттық банк жауап берді
Қазақстандықтарды зейнетақы жинақтарын жарнамалар арқылы делдалдарға сеніп тапсырмауға шақырды
БЖЗҚ азаматтарды күмәнді делдалдық қызметтерден сақ болуға шақырады
Рикардо Кака: Эмоциясыз жақсы нәтиже көрсету мүмкін емес
Құдайдың ерекше сыйы
Түркияда тікұшақ ауруханаға соғылды
Александр Усик титулдарын қорғап қалды
Жедел жәрдем қызметкері соққыға жығылды
Адам кез-келген қиындықты жеңе алады
Сақтық – саналы әрекет
«Мазақ еткендей»: Желіде ШҚО-да орнатылған шырша халықтың ашуын туғызды (ВИДЕО)
Ақтауда жол бойында билеген қымбат көлік жүргізушілеріне айыппұл салынды
Семейде жаңажылдық шыршаны безендірген мұғалім биіктен құлады
Астанада қар күреуге 2,6 мыңнан астам жұмысшы шықты
Астанада қарлы боран: әкімдік қала тұрғындарына ескерту жасады
Қарағанды облысында көліктен 13 қап марихуана тәркіленді
Зорлық-зомбылық құрбандарына көмек беретін 65 орталық бар
Семейдегі алаңға шырша орнату кезінде мұғалім құлады: министр пікір білдірді
Пияздың пайдасы мен зияны
“Алып ақ теңіз сегізаяғы“ ұсталғаны рас па?
Жамбыл облысының тұрғыны еңбек кітапшасындағы қате үшін зейнетке шыға алмады