Ақтөбе облысында екі жарым мыңнан астам бала толық емес отбасында тәрбиеленіп жатыр. Енді бірі өгей әкенің, бірі өгей ананың тәрбиесінде. Полицейлер «Жасөспірім» шарасы аясында рейд жүргізді. Оларға біздің тілшіміз де қосылды. Сюжет көрейік. Бұл отбасында үш бала бар. 16 және 14 жастағы екі ұл келіншектің бұрынғы некесінен, ал үшінші бала осында дүниеге келген. Жасөспірімдердің бірі ұрлық жасап, есепке қойылған. Аналарының айтуынша,балалар мен өгей әкенің қарым-қатынасы жақсы. ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Все видим по новостям. Какие отношение өгей әке-шешемен балалардың. Аллаға шүкір. Ондай отношение жоқ. Проблем таких нету. По отношении детям он хорошо, дети к ним хорошо. Бағып қағып жатқан осы уақытқа дейін сол кісі. Ал мына жеті жастағы кішкентай қызды жеті айлық кезінде маскүнем ата-анасы бөтен адамдарға тастап кеткен. Содан бері ол ағасының қамқорлығында. Қызды әкесінің інісі асырап алуды жоспарлап отыр. Петр СЕМЕНОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Жеті айлық кезіңде біз алып кеттік. Ата-анасы ішімдікке салынып, қыздарын таныстарының үйінде тастап кеткен. Үш аптадан кейін анасы қызын сұрап барыпты. Біздің баланы қамқорлыққа алғанымызды естіп, одан кейін еш хабар болмады. Менің ағам арасында хабарласып, жағдайын сұрап тұрады. Полицейлер толық емес қолайсыз отбасыларды мекен-жайға барып тексеру барысында баланың өмір сүру жағдайы, көңіл-күйін қарайды. Осындай тексеріс кезінде түрлі жаға ұстатар деректердің беті ашылады. Өткен жылы өгей әкесі мен анасының 4 жастағы баланы ұрып-соғу фактісі анықталған. Нұржан МУКУМОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД ЖПҚ ЮВЕНАЛЬДЫ ПОЛИЦИЯ ТОБЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ: Ұру деректері орын алды. Есепте тұрған тұлға. Яғни ата-ана тарапынан зорлық-зомбылық көрген бала. Ол кезде кәмелетке толмаған бала арнайы балаларды оқшаулау орталығы бар. Аялаға сол жерге орналастырылып, ата-анасы ата-ана құқынан айырылды. Өңірде 2641 бала толық емес отбасында өгей әке-шешемен тәрбиеленіп жатыр. Сондай-ақ, 350-ден астам қолайсыз жанұя есепке алынған.