Ақтөбе облысы «Қарабұтақ – Қостанай» тас жолының 132-ші шақырымында жолаушылар автобусы аударылып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметі оқиға орнында зардап шеккендердің жоқ екенін хабарлады. Оқиға орнында Әйтеке би аудандық төтенше жағдайлар бөлімдері қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар, полиция бөлімі қызметкерлері болды. Өзбекстанның 32 азаматы Т.Жүргенов ауданындағы мешітке эвакуацияланды.Облыстық төтенше жағдайлар департаменті азаматтарға ауа райындағы өзгерісті қадағалауға, ауа райының нашарлауы және жолдардағы көлік қозғалысына енгізілген шектеулерге дер кезінде көңіл бөліп, алыс сапарға шықпауға кеңес береді.