Ақтөбе облысында 8 адамның өліміне кінәлі деп күдіктелген ер адам сотталды

Ақтөбе облысында 8 адамның өмірін қиған жол-көлік оқиғасына қатысы бар ер адамға сот үкімі шықты. Бұл туралы облыстық соттың ресми сайтына сілтемесе жасап, KAZ.NUR.KZ. хабарлады. Мұғалжар аудандық сотында абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзды деген айыппен сотқа берілген (ҚК-нің 345 б. 4б.) К-ге қатысты қылмыстық іс қаралды. Іс материалдарына cәйкес К. есімді азамат "ВАЗ-21140" маркалы автокөлікті басқара отырып, "Ақтөбе-Астрахань" тас жолының бойына шығу барысында жол қозғалысы ережелерінің талаптарын бұза отырып, басты жолда келе жатқан көлікке назар аудармай, LADA Largus маркалы автокөлікпен соқтығысқан. Бұл ретте соңғы автокөлік қозғалыс бағытын еріксіз қарама-қарсы бағытқа өзгертіп, Kia Sorento автокөлігімен соқтығысқан. Оқиға орнында 5 адам қаза тауып, аудандық ауруханада 3 адам қайтыс болған. Сот отырысында сотталушы тағылған айыпты толық мойындады. Сот жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жәйлар ретінде сотталушының жасаған қылмыстық іс-әрекетіне шын жүректен өкінуін және келтірілген материалдық, моральдық шығындарды өтегенін таныды. Сонымен қатар сотпен сотталушының денсаулық жағдайы назарға алынды (3 топтағы мүгедектігі және онкологиялық ауруы бар). Прокурор тағылған айыпты қолдап, соттан сотталушыға 7 жылға көлік басқару құқығынан айыра отырып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын тағайындауды сұрады. Жаза өтеу орны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесі белгіленген. Үкім заңды күшіне енген жоқ. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстанда Тәуелсіздік есімді қанша адам бар?
“Қанды желтоқсанның сызы әлі байқалады”: желтоқсан оқиғасына қатысқандар не дейді?
16 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Кімдерге ет жеген дұрыс? Дәрігер жауап берді
Қазақстанда Тәуелсіздік есімді қанша адам бар?
16 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Қыста көлікте кондиционерді не үшін қосу керек екенін білесіз бе?
«Мен қазақпын»: Астанада бір сәтте 700 оқушы патриоттық әнді шырқады
Түркістанда полиция 200-ден астам жүк көлігіне көмектесті
Адам қанша литр шай ішкеннен кейін өліп кетуі мүмкін?
ТЖМ қызметкерлері Қарағандыда өрт кезінде 6 адамды құтқарды
Алматының коммуналдық қызметтері қардың түсуіне байланысты күшейтілген режимде жұмыс істеуде
Жас спортшылар патриоттық челлендж ұйымдастырды
Қан тамырлар саулығы: рационға қосу керек топ-8 өнім
2025 жыл қандай болмақ?
Еліміздің "Үздік акушері" анықталды
Алматыда «баррамунди» экзотикалық балық түрі өсіріледі
Құрмамен бірге жеуге болмайтын өнімдер аталды
“Қанды желтоқсанның сызы әлі байқалады”: желтоқсан оқиғасына қатысқандар не дейді?
Өскеменде бір ай бұрын жоғалған 19 жастағы қыздың денесі табылды
Бірнеше облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Астанада Бибігүл Төлегенованың 95 жасқа толуына орай салтанатты концерт өтті
Есте сақтау қабілетін жақсартатын ең оңай тәсіл белгілі болды
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Алматы облысына барды